Telegram Group Search
⚡️ Өскеменде "Назарбаев резиденциясы" деп аталған нысан сатылмақ

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ресми "Солжағалау профилакторийі" деп аталатын нысанды 1 млрд 115 миллион теңгеге сатылымға шығарды.

🔸 Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, уақытша иелікке алатын адам бірінші жылы 400 млн теңге, кейінгі екі жылда 200 млн теңгеден инвестиция құюы керек.

Инвестор ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізіп, нысанды конференц-залы, жеке коворкингтер, қонақ үй нөмірлері, спорт алаңдары және сауда павильондары бар көпфункционалды орталыққа айналдыруға міндетті. Бір сөзбен айтқанда, бұл жер "туристік-инвестициялық хаб" болуға тиіс делінген ақпаратта.

🔸 Жергілікті "Ук-ньюс" сайтының жазуынша, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанға сапарлап келгенінде осында тоқтап жүруі мүмкін.

Кейінгі жылдары блогерлер бұл жер облыстың экс-әкімі Даниал Ахметовтің "жеке демалыс орынына айналды" деп те дабыл қаққанын атап өтеді басылым. Бірақ мұны Ахметовтің өзі жоққа шығарып, нысанда балалар демалады деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Меккеге қажыға барған 562 адам аптап салдарынан мерт болды Биыл 1,8 миллионға жуық мұсылман Сауд Арабиясына қажылық сапар шекті. Меккеде ауа температурасы 50 градустан асып, салдарынан 562 адам бақилық болды. Олардың 307-сі – Египет азаматы. Осы елдің тағы…
💬 Меккеге қажыға барған мыңнан астам адам көз жұмды

Бұл туралы Agence France-Presse өз есебіне сүйеніп хабарлады. Ақпарат агенттігінің мәліметінше, көз жұмғандардың жартысынан көбі – арнайы тіркелмей келген адамдар. Олардың басым бөлігі аптап салдарынан көз жұмған.

🔸 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елден барған қажылардың бәрі дін аман деп мәлімдеді.

Басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, Қазақстан қажылық миссиясы құрамында төрт дәрігер және 16 туроператордың әрқайсында бір дәрігерден, жалпы 20 медицина маманы жұмыс істеп жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 19 маусымда Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 мекемеге барған Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Абылай Мұханжаров Азаттыққа белсенді және марафоншы Марат Жыланбаевпен жолыққанын айтты.

Биыл қаңтарда Жыланбаевты осы түрмеге ауыстырған.

Мұханжаровтың айтуынша, шамамен екі сағатқа созылған кездесу 19 маусымда түстен кейін болған. Омбудсмен өкілі Жыланбаевтың түрме қызметкерлерінен қысым көргені туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.

Апта басында әлеуметтік желілерде Марат Жыланбаевтың №4 мекеменің қызметкерлерінен өзіне қауіп төніп тұрғанын айтып, елдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Артур Ластаевты Степногорск қаласындағы түрмеге шақырған жазбаша мәлімдемесі тарады.

🗣 "Кісі өлтіргендер мен рецидивистер жоқ. Мен одан [бұл туралы] тікелей сұрадым. Ол "бұл бойынша ештеңе айтпаймын" деді. "Біреуге қатысты немесе нақты адамдар бар ма?" дедім, ол "нақты айтатын адамдарым жоқ" деді. Ол меңзеген адамдар бойынша сұрақ шешілді. Бұл енді қауесет, ойдан шығарылған сөз болып қалды" деді Мұханжаров.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Пхеньянда келіссөз өткізген Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды Путиннің айтуынша, құжат екі елдің біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.…
🗣 Оңтүстік Корея Мәскеу мен Пхеньян әріптестік және қорғаныс туралы келісім жасасқаннан кейін Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесін қарастырмақ

Бұл туралы баспасөз мәслихатында елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чан Хо Чжин мәлімдеді деп хабарлады "Рёнхап" агенттігі.

🔸 "Үкімет бұл келісімге алаңдайды, оған қол қоюды айыптайды" деді Чан. Ол Солтүстік Кореяның әскери жағынан күшеюіне тікелей не жанама түрде ықпал ететін кез келген әріптестік БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзады деп мәлімдеді.

🔸 Оңтүстік Корея – әлемдегі ең ірі қару-жарақ жеткізуші елдердің бірі. Бірақ Сеул Украинаға қару бермеген. Жақында Владимир Путин Ресей Оңтүстік Кореяның Украинаға тікелей қару-жарақ бермейтінін "жоғары бағалайды" деп айтқан.
Халықаралық бірнеше БАҚ Вашингтон Украинаға снарядтар беру үшін Оңтүстік Кореяның снарядтары АҚШ-қа жеткізілуі мүмкін деп жазған.

"Рёнхап" сөйлескен Оңтүстік Корея президентінің кеңсесіндегі аты аталмаған дереккөз агенттікке қару жеткізу мәселесін қайта қарау туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Оның айтуынша, Сеул бұл мәселе бойынша әлі ашық пікір білдірмейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Фавориттердің бірі Англия Данияны жеңе алмады

⚽️Еуропа чемпионатында С-тобында Англия мен Дания 1:1 есебімен тең түсті. Англия бірінші есеп ашқан, бірақ кейін Дания есепті теңестіріп кетті.

⚽️Осылайша, Англия плей-офф кезеңінің мәселесін ерте шеше алмады. Дегенмен ағылшындар қазір төрт ұпаймен С тобында көш бастап тұр.

⚽️Бұл топтағы тағы бір ойында Cловения Сербияны 1:0 есебімен жеңіп жатқан. Матч соңында Сербия есепті теңестіріп кетті. Бұл топтағы төрт құраманың да келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі сақтаулы.

⚽️Қазір С тобындағы жағдай мынандай:

1-тур
Сербия-Англия 0:1
Дания-Словения 1:1

2-тур
Сербия-Словения 1:1
Англия-Дания 1:1

Англия - 4 ұпай
Дания - 2 ұпай
Словения - 2 ұпай
Сербия - 1 ұпай


❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️"Финалға дейінгі финалда" Испания Италиядан басым түсті

⚽️Еуропа чемпионатының В тобында Испания құрамасы Италиядан 1:0 есебімен басым түсіп, плей-офф кезеңінің мәселесін шешіп қойды.

⚽️Матчтың 55-минутында Италия қорғаушысы Рикардо Калафьори өз қақпасына абайсызда гол салып алды. Бұл есеп матч соңына дейін сақталды. Матч бойы Италияның есепті теңестіруге, Испанияның есепті еселеуге мүмкіндігі болған, бірақ құрамалар шабуылдарын голға айналдыра алмады.

⚽️Былтыр желтоқсанда Еуро-2024 додасының жеребесі тартылған кезде Испания мен Италия бір топқа түскенде жанкүйерлер екі құрама арасында "финалға дейінгі финал" болады деп топшылаған.

⚽️В тобындағы қазіргі жағдай мынандай:
1-тур
Испания – Хорватия 3:0
Италия – Албания 2:1

2-тур
Хорватия – Албания 2:2
Испания – Италия 1:0

3-тур
24 маусым. Хорватия - Италия
24 маусым. Испания – Албания

Испания – 6 ұпай
Италия – 3 ұпай
Албания – 1 ұпай
Хорватия – 1 ұпай

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Түркістан соты "екі баласын тұншықтырып өлтірген" әйелге 15 жыл түрме жазасын кесті

Судья айыпталушы 31 жастағы Бота Хамитқызын Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабымен (99-бап) кінәлі деп танып, өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқынан айырды.

Сотталушының қоғамдық қорғаушысы, әкесі сот үкіміне келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Сотта жәбірленуші деп танылған Хамитқызының күйеуі, бақилық болған екі баланың әкесі үкімді онлайн тыңдады. Ол үкім оқылғанда көзіне жас алды. Жәбірленуші Азаттыққа сот пен іске қатысқан алқабилер шешіміне келісетінін айтты.

Хамитқызы сотта айыпты мойындаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Еуроодақ елдері Ресейге салынатын 14-санкция пакетін қабылдай алмады, бұған осы процесті созып жатқан Германияның әрекеті себеп болды Бұл туралы Reuters агенттігіне ЕО дипломаттары хабарлаған. Жаңа санкцияда Ресейде сұйылтылған табиғи газды ауыстырып тиеуге…
💬 Еуроодақ елдерінің елшілері Ресейдің Украинаға соғыс ашқанына байланысты Мәскеуге қарсы салынатын 14-санкция пакетіне келісті

Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының Брюссельдегі тілшісі Рикард Йозвяк хабарлады.

Жоба құжатына сүйенген EUobserver сайты жаңа санкция пакеті ресейлік сұйылтылған табиғи газды ауыстырып тиеуге және гелий экспорттауға тыйым салады, қос мақсатта қолданылатын технологияларды алуға және Украинадан ұрланған өнер туындыларын сатуға шектеу қояды деп жазды.

Жаңа санкция пакетін 27-28 маусымда Брюссельде өткелі отырған Еуроодақ саммиті кезінде немесе оның алдында қабылдауы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жапония Ресейге тауар тасымалдаған қазақстандық компанияға санкция салды

21 маусымда Жапония Мәскеуге қарсы санкция тізімін ұлғайтты. Оған Ресейден 50-ден астам фирма, мекеме мен адам ілінді. Тізімде Қытай, Үндістан, Қазақстан мен басқа елдердегі фирмалар да бар.

🔸 Жапония санкция салған қазақстандық компания – Elem Group. Бұл компания туралы Азаттық былтыр маусымда жариялаған зерттеуінде жан-жақты айтқан.

Алматының орталығындағы ғимаратта орналасқан "Elem Group" компаниясы Ресей Украинаға соғыс бастаған соң 20 күн ішінде құрылған, ал кірісі миллиардтаған теңге болған. Олар былтыр Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан "Стрелой Е-Коммерц" деген компанияға кемінде 300 рет жүк тасымалдаған.

🔸 АҚШ-тың сауда министрлігі Elem Group компаниясын экспорты бақыланатын тауарды тасымалдағаны үшін қара тізімге қосқан. Elem Group Еуроодақ қабылдаған 13-санкция пакетінде жүр.

🔗Азаттық зерттеуін сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Астанада қала көшелері жаппай жөнделіп жатыр. Жолдар жабылып, көлік жүргізушілері ұзақ кептелісте тұр.

Біз микрофон ұсынғандардың бірі түп-түзу жолдарды не үшін жөндеп жатыр деп таң қалса, енді бірі автобустардың өзгерген маршруты әбігерге салғанын айтты. Тағы бірі мұны "Астанада 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық" деп біледі.

Астана әкімдігі жөндеу қазан айына дейін жалғасатынын айтады. Жөндеуге 15 миллиард теңге бөлінген.

🔗Сілтеме

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Наталья Садықованың "Бәсе" арнасы Тоқаев үшін көзге шыққан сүйелдей болды" деген сөзіне қатысты Tengrinews.kz сайтына пікір білдірді. 🗣 "Қайдағы сүйел? Мемлекет басшысы бұл интернет…
🗣 Киевте Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа күдікті екеу анықталды. Олар – Қазақстан азаматы

20 маусымда Украинаның Бас прокуратурасының ресми сайтында 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев пен 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев туралы хабарлама жариялады.

🔸 Тергеу дерегінше, олар Қазақстан азаматы Айдос Жандосұлы Садықовты қасақана өлтіруге тапсырыс алған. Тапсырыс берген кім екені әлі белгісіз, тергеу оны анықтап жатыр.

Олар 2 маусымда Киевке барып, Садықовты аңдуға кіріскен, сол үшін Opel Vectra көлігін сатып алған. Садықовтың күнделікті қайда баратынын, қай жолмен жүретінін, не істейтінін анықтаған.

🔸 Booking онлайн-қызметі арқылы 8 маусымда Киевтегі Берестей даңғылы бойындағы, "жәбірленушінің тұрғылықты жеріне жақын" маңдағы үйден жалға алынған пәтерге екеуі 12 маусымда барған.

18 маусым күні 12:14 кезінде М.Қаратаевтың Ярмола көшесіндегі №38 үйге апаратын жолдың бойында "автомобильге жүргізуші отыратын жақтан тез жақындап барып көздеп атқан оғы Садықовтың басына тиіп, миын жарақаттаған".

🗣 "Садықовты қасақана өлтірмек болып қастандық жасағаннан кейін Қаратаев пен Жақанбаев қылмыс болған жерден із жасырып, кейін, қылмыс құралын жасыру мақсатымен атыс қаруынан – дыбыс шығармайтын арнайы жабдығы бар тапаншадан арылған, оны Киевтегі хайуанаттар бағы қоршауының іргесіне лақтырып кеткен" деп жазылған құжатта.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Киевте Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа күдікті екеу анықталды. Олар – Қазақстан азаматы 20 маусымда Украинаның Бас прокуратурасының ресми сайтында 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев пен 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев туралы хабарлама жариялады. 🔸 Тергеу…
🗣 Қауіпсіздік органдары Қаратаев пен Жақанбаев ұсталған я ұсталмағанын әзірге хабарлаған жоқ

🗣 "Бұл қылмысты істегендер Қазақстанның екі азаматы – Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаев. Олар Киевке осы қылмыс үшін, Айдос Садықовты өлтіруге арнайы келген. Ол адамдар анықталды. Бұл қылмыстың ізі Қазақстанға тіреледі" деді Наталья Садықова "Бәсе" YouTube-арнасында жарияланған видеода.

Алтай Жақанбаев жөнінде әзірге мардымды ақпарат жоқ. Ашық дерек көздеріндегі мәліметтерде "Мейрам Қаратаев" деген адам Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде қызмет атқарғаны жазылған. "Ол қызметкерлер арасында нысана көздеуден өткен жарыстарда бірінші орын алған" деп жазды Наталья Садықова Facebook-тe жариялаған постында.

🔸 21 маусым күні Қазақстан ішкі істер министрлігі аты-жөні аталған күдіктілердің біреуі 2019 жылы қаңтарда ішкі істер органынан жұмыстан босатылған, қазір полицияда қызмет атқармайды деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Қауіпсіздік органдары Қаратаев пен Жақанбаев ұсталған я ұсталмағанын әзірге хабарлаған жоқ 🗣 "Бұл қылмысты істегендер Қазақстанның екі азаматы – Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаев. Олар Киевке осы қылмыс үшін, Айдос Садықовты өлтіруге арнайы келген. Ол…
🗣 Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев оппозициялық белсенді Садықовқа жасалған қастандық бойынша тергеуді "жіті бақылап отыр" деп хабарлады

Оның айтуынша, Тоқаев құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шара қабылдауды тапсырған.

🗣 "Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын" деп хабарлады Берік Уәли.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев оппозициялық белсенді Садықовқа жасалған қастандық бойынша тергеуді "жіті бақылап отыр" деп хабарлады Оның айтуынша, Тоқаев құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын…
⚡️ Украина прокуратурасы Айдос Садықовқа жасалған қастандық бойынша тапанша мен күдіктілердің суретін жариялады

Бұған дейін прокуратура ресми сайтында Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген адамдар туралы ақпарат жариялаған. Тергеу дерегінше, олар – 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев пен 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев. Екеуі де Қазақстан азаматы.

Прокуратура жариялаған құжатта "Қаратаев пен Жақанбаев дыбыс шығармайтын арнайы жабдығы бар тапаншаны Киевтегі хайуанаттар бағы қоршауының іргесіне лақтырып кеткен" деп жазылған.

Наталья Садықованың айтуынша, Айдос Садықов қазір реанимацияда жатыр.

🗣 "Жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер енді не болатынын айтпады. Бірақ мен күйеуіме сенемін. Ол мықты, батыл, бұл жағдайдан шығуға тиіс" деді Садықова "Бәсе" YouTube-арнасында жарияланған видеода..

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Украина прокуратурасы Айдос Садықовқа жасалған қастандық бойынша тапанша мен күдіктілердің суретін жариялады Бұған дейін прокуратура ресми сайтында Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген адамдар туралы ақпарат жариялаған. Тергеу дерегінше, олар…
⚡️ Украина бас прокуратурасы Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген екі адамға халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді

Органдар екі ер адам Садықовты өлтіруге "тыңғылықты түрде дайындалған" дейді.

Прокуратураның ақпаратынша, екеуі Украинаға 2 маусымда Польша-Украина шекарасынан өтіп келіп, Киевте пәтер жалдап, көлік алған. Біраз уақыт олар Садықовты аңдыған.

🗣 "18 маусым, қылмыс жасалған күні күдіктінің бірі көлікке келіп, оқ атқан. Ал екіншісі жағдайды үйдің маңында аңдып тұрған. Кейін қылмыстан соң олар оқиға орнынан кеткен. Күдіктілер сол күні Молдова шекарасын кесіп, Украинадан кетіп қалған. Киевтегі Голосеевский аудандық соты екеуін қамауға алу туралы қаулы шығарған. Тергеу қазір күдіктілерді ұстау шараларын жүргізіп жатыр" деп хабарлады Украина бас прокуратурасы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Қазақстан Бас прокуратурасы Тоқаевтың тапсырмасымен Киевте Айдос Садықовқа жасалған қастандықты тергеуді бастады

Прокуратура қылмыстық іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды, олар қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді деп хабарлады.

Ақпарат бойынша, 20 маусымда Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Украинаның бас прокурорына осы қылмысты ашуға қазақстандық тәжірибелі тергеушілерді тартып, көмек көрсетуге ұсыныс жасаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 "Бейбітшілік саммитінен" соң Украина президенті Владимир Зеленский әлем елдерінің бәріне, соның ішінде саммитке қатыса алмаған немесе қандай да бір себептерге байланысты құжатқа бірден қол қоймаған мемлекеттерге қорытынды коммюникеге қосылу мүмкіндігі барын…
💬 Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея мен Вьетнамға сапарының қорытындысы бойынша өткізген баспасөз мәслихатында Украинадағы соғысқа байланысты бірқатар мәлімдеме жасады

Путиннің сөзінше, Ресей оккупацияланған аймақтардан әскерін "ешқашан әкетпейді". Ал Батыс елдері саясаткерлерінің Ресейдің "майданда стратегиялық жеңіліске" ұшырауын қалайтыны Кремльді "ақырына дейін баруға" мәжбүр етеді деді ол.

🗣 "Батыс елдерінің саясаткерлері біздің стратегиялық жеңіліс тапқанымызға қол жеткізгісі келетінін айтады, бірақ бұл Ресей мемлекет ретінде өшті дегенді білдіреді. Ендеше "неге біз қорқуымыз керек, ақырына дейін барған дұрыс емес пе?" деген сұрақ туындайды" деп мәлімдеген Путиннің сөзін "Медуза" сайты жариялады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024/06/21 09:48:19
Back to Top
HTML Embed Code: